Үкімет
1 мин оқу 540
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетуге өтініш береді
<p style="text-align: justify;">Бұл Мәжілістің жаңа құрамын таңдаудағы стандартты рәсім, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс бергеннен кейін Премьер-министр мәлімдеген.
«Жаңа Премьер-министр кім болатынын Президент пен Мәжіліс шешеді. Әрине біз кез келген өзгеріске дайын боламыз. Біз әрқашан мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайынбыз», деді Премьер-министр.
Бұдан бөлек Әлихан Смайылов Үкіметтің өте қиын жағдайда жұмыс істегенін атап өткен.
Енді Әлихан Смайылов бастаған Министрлер кабинеті жаңа Үкімет жасақталғанша өз міндетін атқаруды жалғастыра береді.
Бөлісу: