Сайлау
1 мин оқу 481

Жамбыл облысының әкімі дауыс берді

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында өз таңдауын алғашқылардың бірі болып жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Жамбыл облысының әкімі дауыс берді

Өңір басшысы Тараз қаласының «Астана» шағын ауданындағы №53 мектеп-гимназиясында орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

Бұл учаскеде 2809 сайлаушы тіркелген.

Облыс әкімі бүгін еліміз үшін маңызды күн екенін атап өтіп, өңір тұрғындарын өздерінің Конституциялық құқығын пайдалана отырып, дауыс беруге шақырды.

д

Айта кетейік, қазіргі кезде Жамбыл облысында 499 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр, олардың барлығында дауыс беру сайлау заңнамасында бекітілген тәртіппен өтіп жатыр.

Бөлісу:
Жамбыл облысының әкімі дауыс берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар