Аймақтар
1 мин оқу 160

Абай облысында 16 сәби дүниеге келді

<p style="text-align: justify;">Бүгінгі саяси науқан қызған шақта Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметі қуанышты жаңалық таратты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Абай облысында 19 наурыз сағат 8:00-дегі жағдай бойынша 16 сәби дүниеге келді. Облыста 11 қыз және 5 ұл өмір есігін ашты», деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ өңірде саяси додаға атсалысып жатқан дауыс берушілердің қарасы көп. Мәселен, Бородулиха ауданының Ы.Алтынсарин орта мектебінің ұжымы №292 сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын берген. Сол секілді Аягөз ауданының сайлау учаскелерінде дауыс беру қарқынды жүріп жатыр. Ал Абай ауданы Көкбай ауылының 93 жастағы тұрғыны Кошкина Тұрсынғайша сайлау учаскесіне келіп өз таңдауын жасаған. 

Бөлісу: