Аймақтар
1 мин оқу 184
Атырау облысында зағип жан сайлау учаскесінде дауыс берді
<p style="text-align: justify;">Атырау облысында көзі көрмейтін Дүйсәлі Қалдыбай сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ол Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласында тұрады. Көзі көрмесе де өмірге құштарлығын жоймаған. Үнемі белсенді болып жүреді.
Түрлі сайыстарға қатысып, көркемсөз оқудың шебері атанған зағип жан сайлауда да белсенділігін танытты. Бүгін ол Құлсары қаласындағы №97 сайлау учаскесіне таңғы сағат 7:00-де келіп, дауыс берді.
Оны сайлау учаскесіне ұлы алып келген. Учаскелік сайлау комиссиясы алғашқы болып дауыс берген Дүйсәлі Қалдыбайға арнайы сыйлық ұсынды.
Бөлісу: