Сайлау
1 мин оқу 172
Аида Балаева өз таңдауын жасады
<p style="text-align: justify;">ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары өз таңдауын елордада орналасқан №111 сайлау учаскесінде жасады.
Аталған сайлау учаскесі жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады және онда 2 744 дауыс беруші тіркелген.
Айта кетейік, бұған дейін аталған сайлау учаскесінде Премьер-министр Әлихан Смайылов дауыс берген.
Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Одан бөлек, дәл осы сайлау учаскесінде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың дауыс бергенін хабарлаған едік.
Бөлісу: