Сайлау
1 мин оқу 285

Сайлау учаскелерінде бір тонна бауырсақ таратылды

<p style="text-align: justify;">Сайлау комиссиясының өкілдері Шығыс Қазақстан облысы орталығының сайлау учаскелерінде сайлаушыларды ыстық бауырсақпен қарсы алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сайлау учаскелерінде бір тонна бауырсақ таратылды

19 наурыз күні таңертең сайлауға барған өскемендіктерді тосын сый күтіп тұрды. Сайлау учаскелерінде тұрғындар қазақ ұлттық тағамдарынан дәм татты.

ф

«Сайлаушыларды қазақы дәстүрмен қарсы алып жатқандары қуантты. Таңдауымызды жасадық, бауырсақтан ауыз тидік», дейді Өскемен қаласының тұрғыны Әлфия.

Айтулы күні Өскемен кәсіпкерлері 112 сайлау учаскесінде бауырсақтарды тегін таратты. Глубокое, Алтай аудандарының сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге арналған мерекелік жәрмеңкелер ұйымдастырылды.

Бөлісу: