Сайлау
1 мин оқу 370

18 баланың анасы өз таңдауын жасады

<p style="text-align: justify;">Кентау қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Түймегүл Ергешқызы Т.Рысқұлов атындағы 24 мектептегі №899 сайлау учаскесіне отбасымен келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

18 баланың анасы өз таңдауын жасады

Түймегүл Ергешқызы ең алғашқы сәбиді осыдан 22 жыл бұрын асырап алуға шешім қабылдаған. Содан кейін отбасы жыл сайын толыға бастаған. Өзі үлкен отбасында өскен Түймегүл Ергешқызы үйде баланың көп болғанын қалайды. Өз кәсібі – кафе және дүкен орталықтары бар ананың 18 баласы және 6 немересі бар.

Ал Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістан қаласындағы №133 сайлау учаскесіне барып, дауыс берген. Бұл учаскеде 2 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Аталған аумақта сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары.

ф

Жалпы облыста 1168658 сайлаушы бар. Бұл – республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Өңірдегі 941 сайлау учаскесінде 8 мыңнан астам байқаушы жұмыс істеп жатыр.

Бөлісу:
18 баланың анасы өз таңдауын жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар