Әлем
1 мин оқу 301

Пәкістанда су тасқынынан 10 адам қайтыс болды

<p style="text-align: justify;">Пәкістанның Белуджистан провинциясында толассыз нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Dawn газетінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні елдің Хуздар, Зоб және Аваран қалаларында қатты жаңбыр жауған.

Табиғи апат салдарынан 10 адам көз жұмды, оның 8-і бір отбасының мүшелері. Қаза тапқандардың арасында екі бала мен үш әйел бар.

Өңірдегі кейбір ғимараттар да зақымданды.

Бөлісу: