Спорт
1 мин оқу 352

Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы кім?

<p style="text-align: justify;">UFC 286 турнирінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында әлемнің жетекші ММА лигасының президенті Дана Уайт қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласының есімін жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Prosports.kz-ке сілтеме жасап.</p>

Дана Уайттан журналист «Белал Мұхаммед үшін келесі жекпе-жек қандай?» деп сұрады. UFC басшысы болса: «Рахмонов. Біз жекпе-жек жөнінде жұмыс істеп жатырмыз» деп жауап берді.

34 жастағы Белал Мұхаммад 2022 жылдың 22 қазанында Абу-Дабиде өткен UFC 280 турнирінде тағы бір америкалық Шон Брэдиді екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Ал Шавкат Рахмонов өзінің кейінгі жекпе-жегінде  америкалық Джефф Нилді үшінші раундта жеңген болатын.

Бөлісу: