Спорт
1 мин оқу 215

Бельгиядағы бес жүлде

<p style="text-align: justify;">Бельгияның Ломмел қаласында таэк&shy;вондодан халықаралық &laquo;Belgian Open G2&raquo; турнирі аяқталды. Бұл бә&shy;се&shy;ке&shy;де Қазақстан ұлттық құрама&shy;сы&shy;ның спорт&shy;шылары 2 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды.</p>

Бельгиядағы бес жүлде

Атап айтқанда, отандастарымыздан Рита Бакишева (46 кг) мен Руслан Жапаров (+87 кг) өз салмағында қарсылас шақ кел­тір­мей, ал­тыннан алқа тақса, Нұрбек Газез (63 кг), Мақсат Орынбасар (68 кг), Ай­дана Құмартаева (46 кг) қола жүлдегерлер қата­рынан көрінді.

Спортты дамыту дирекциясының мәлі­меті бойынша, енді Қазақстан ерлер құра­масы Парижде Франция құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал әйелдер құрамасы 20-27 наурыз аралығында Нюрнбергте Германия құрамасымен бірге шеберлігін шыңдайды. Бұл жиыннан кейін жер­лестеріміз 1-4 сәуір аралығында Аус­трияның Инсбург қаласындағы халық­аралық турнирде бақ сынамақ.

Бөлісу:
Бельгиядағы бес жүлде · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар