Теннис
1 мин оқу 240
Қазақстандық жас теннисші Үндістанда жеңімпаз атанды
<p style="text-align: justify;">Үндістанның Дехрадун қаласында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қазақстандық жас спортшылар финалда бас жүлдені өзара бөлісті.
Жекелей сында 15 жастағы Альбина Кәкенова өзінен бір жас үлкен Анастасия Крымкованы 6:1, 6:4 есебімен жеңіп, ITF Juniors додасындағы алғашқы титулына қол жеткізді.
Есесіне А.Крымкова жұптық сында финалда Сәтима Төрегенмен бірге А.Кәкенова – Ариана Гогулинадан басым түсті.
Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Швейцарияның Тримбах қаласында өткен ITF турнирінде финалға дейін жетіп, онда Польша өкілі Каспер Жукқа есе жіберді. Есеп – 4:6, 4:6.
Бөлісу: