Ауа райы
1 мин оқу 470
Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады?
<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 21-24 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. </p>
Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болады, күн ашық және бірқалыпты жылы болады деп күтіледі. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, төмен атмосфералық қысым аймағында бұлтты ауа райы сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
«Республикада тұман, оңтүстік-батыста құмды дауыл, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді. Температуралық фонға келетін болсақ, жылдың осы мезгіліне қолайлы болады», делінген хабарламада.
Бөлісу: