Аймақтар
1 мин оқу 282
Семейде әйел адам бесінші қабаттан құлап кетті
<p style="text-align: justify;">Семейде әйел адам балконнан құлап, мерт болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Абай облысы полиция департаментінің хабарлауынша, әйелдің өліміне қатысты «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі (Өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды», деп хабарлады Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.
Бөлісу: