Сайлау
1 мин оқу 402

Сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

<p style="text-align: justify;">Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ОСК дерегінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:

1. Amanat партиясы – 53,90 % немесе 3 431 510 адам дауыс берді;

2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді;

3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді;

4. Қазақстан халық партиясы – 6,80% немесе 432 920 адам дауыс берді;

5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431 адам дауыс берді;

6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді;

7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді;

«Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.

ОСК мәліметінше, күні кеше өткен сайлауда 6 366 441 адам дауыс берген.

Бөлісу:
Сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар