Теннис
3 мин оқу 310

Теннисші тартуы

<p style="text-align: justify;">Ұлыстың ұлы күні &ndash; әз Наурыз мейрамы қарсаңында мұхиттың арғы бетінен сүйінші хабар жетті. Теннистен еліміздің бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы, &laquo;Үлкен дулыға&raquo; санатындағы &laquo;Уимблдон&raquo; турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина Қазақстан теннисшілері арасында тұңғыш рет &laquo;BNP Paribas Open&raquo; (WTA 1000) турнирінде топ жарды. Ол финалда Беларусь мақтанышы, әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенконы тізе бүктірді.</p>

Теннисші тартуы

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында ұйым­дас­тырылған бұл дода – теннисшілердің «Үл­­кен дулыға» са­натындағы төрт ірі жарысынан кейінгі орында тұ­ратын шоқ­тығы биік бә­секе. 1974 жы­лы тұсауы ке­сіл­­ген жарыста бү­гін­ге дейін небәрі 17 мем­ле­кеттің ғана өкілі үздік шық­­қан екен. Енді бұл қатарға Қа­зақстан тен­нис­шісі Елена Ры­бакина да қосылды.

АҚШ-тағы теннисшілер са­­йы­­сының финалын тек Қаза­қ­станның ғана емес, бүкіл әлем­­нің жанкүйерлері тағат­сыз­дана күтті. Өйткені осыдан бі­рер ай бұрын дәл осы екі тен­нис­ші Аустралия ашық чем­пио­на­тының финалында кез­десіп, сол сайыста Аринаның ме­рейі үстем болған еді. Ал бұл кездесуде көпшілікті Елена Ры­бакина Мельбурндегі есесін қай­тара ала ма деген сұрақ қы­зықтырды.

Тартысты бәсекенің бірінші партиясында екі теннисші де аса сақтықпен ойнап, қателік жасамауға тырысты. Бесінші геймге келгенде бірінші болып Ры­бакинаның жүйкесі сыр берді. Допты өзі ойынға қос­­­қан геймде қарсыласына брейк жасауға мүмкіндік беріп қой­ды – 3:2. Бірақ көп ұзамай Еле­наның өзі де қайыра брейк жасап, тез арада таразы басын теңестіріп үлгерді – 4:4. Кейінгі төрт геймде екі теннисші де са­уат­ты ойынымен көзге түсіп, бір-бірін алға жіберген жоқ – 6:6. Сөйтіп бірінші партияның жеңім­пазы тай-брейкте анықт­алды. Бұл ке­зеңде Елена Рыба­кинаның бағы жанды – 7:6 (13:11). Бірінші партияда тен­нис­­шілер бір сағат 20 минут ойнады.

Екінші сетті отандасымыз «ә» дегеннен брейкпен бастады. Таблодағы көрсеткіш 4:2 болып тұрған жетінші сетте Елена тағы да бір брейк жасап, 5:2 есебімен алға ұзап кетті. Се­гі­зінші геймде Рыбакинаның ойынды аяқтайтын тамаша мүм­­кіндігі болды. Бірақ допты ойынға қосқан сетте бірде-бір ұпай ала алмай, Соболенкоға 40:0 есебімен жол беріп қойды – 5:3. Дегенмен, отандасымыз ке­лесі мүмкіндігін 100 пайыз пай­­даланып, екінші сетті 6:4 есе­­бімен өз пайдасына аяқ­тады. Екі сағаттан астам уақытқа со­зылған бәсеке бары­сында Еле­на 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнт­тың үшеуін пайдаланды.

Осылайша, алғаш рет WTA 1000 жарысының жеңім­пазы атанған Е.Рыбакина А.Со­бо­ленкодан Аустралия ашық чем­пионатының финалында кеткен есесін қайтарды. Сон­дай-ақ Еле­­на Рыбакина спорттық жолында алғаш рет әлем­дік рей­­тингте жетінші орынға көте­рілді. Бұл – оның жеке ре­корды.

Елена Ры­баки­наның «BNP Pa­­ribas Open» турниріндегі жү­ріп өткен жолына зер салар болсақ, жарысты екінші ай­­налымнан бастаған ол ал­ғашқы кездесуін 2020 жыл­ғы Аустралия ашық чем­пио­на­тының жеңімпазы, әлем­­дік рейтингте 170-орында тұр­ған америкалық Софья Ке­­нин­­ді (7:6, 7:6), үшінші ке­зеңде әлемнің 22-ракеткасы ис­­паниялық Паула Бадосаны (6:3, 7:5), төр­тінші айналымда дү­ниежүзілік рейтингте 66-сатыға жайғасқан ресейлік Вар­­вара Грачеваны (6:3, 6:0) жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Ал ¼ финалда Ка­ролина Мухованы екі сетте 7:6, 6:4 есебімен жарыс жолынан ығыстырса, жартылай фи­налда әлемнің 1-ракеткасы польшалық Ига Швентектен айласын асырды – 6:2, 6:2.

«BNP Paribas Open» тур­нирінде топ жарған Елена Ры­­бакина 1 271 230 АҚШ дол­­лары (574 550 449 млн теңге) кө­леміндегі қаржы­лай сыйақы мен 1 000 рей­тинг­тік ұпайға ие болды. Ал тур­­нирдің ерлер ара­­сын­дағы бәсе­кесінде 19 жас­тағы испа­ния­лық Карлос Аль­карас жеңіс тұғырына кө­терілді. Ол финалда ресейлік Да­ниил Мед­ведевті екі сетте 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Бөлісу:
Теннисші тартуы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар