Әлем
1 мин оқу 330

Жапония Премьер-министрі Украина Президентімен кездеседі

<p style="text-align: justify;">Жапонияның Сыртқы істер министрлігі Премьер-министр Фумио Кисиданың Киевке сапары туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Жапония Премьер-министрі Украина Президентімен кездеседі

Жапония Премьер-министрі Украина астанасына Үндістаннан келеді. Министрліктің мәліметінше, Кисида Украина президенті Владимир Зеленскийден Киевке шақырту алған.

«Премьер-министр Кисида Зеленскийге өз отанын қорғаудағы украин халқының батылдығы мен табандылығы үшін құрмет көрсетеді», делінген Жапония СІМ хабарламасында.

Жапония Премьер-министрі Киевтегі сапарынан кейін Польшаға барады.

Бөлісу: