Теннис
1 мин оқу 190

Майамиде кортқа шығады

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, кешегі күннен бастап әлемнің жетінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина АҚШ-тағы тағы бір ірі жарыс &ndash; Майами WTA 1000 тур&shy;нирінде өнер көрсетеді.</p>

Майамиде кортқа шығады

Жүлде қоры 8,8 млн долларға бағаланған «Мастерс» додасы 21 наурыз бен 2 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан теннис феде­рациясының мәліметі бойынша, жа­рыс­тың 10-ракеткасы болып тіркелген Рыбакина турнирді екінші айналымнан бас­тайды. Бұл кезеңде ол әлемнің 60-ракеткасы ресейлік Анна Калинская немесе рейтингте 194-орында тұрған Андорра өкілі Виктория Хименес Касинцева жұбының жеңімпазымен кездеседі. Егер жерлесіміз бұл додада да сәтті өнер көр­сетіп жатса, финалда тағы да Бела­русь өкі­лі Арина Соболенкомен кездесуі мүмкін.

Рыбакинадан бөлек, «Мастерс» жарысында тағы бір қазақстандық теннисші, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцева да бақ сынайды. Ол алғашқы айналымда рейтингте 75-сатыдағы канадалық Ребекка Мариномен шеберлік байқасады.

Бөлісу: