Сенат
1 мин оқу 260

Жыл жақсылығымен келсін!

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшасында барша қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, Қоян жылы тек жақсылығымен келсін деген тілегін жолдады.</p>

Жыл жақсылығымен келсін!

«Құрметті достар! Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Әз Наурыз – қуаныш пен шаттықтың, жаңару мен жаңғырудың мерекесі. Терең­нен тамыр тартатын бұл мейрамды жақсы­лық пен жасампаздыққа ұмтылудың ныша­ны деп қабылдаймыз. Ұлыстың ұлы күнін­де ұлттық құндылықтарымыз төрге шы­ғып, салтымыз бен дәстүріміз дәріптеледі.

Шын мәнінде, халқымыз Наурыз айын жылдың басы деп қашанда ерекше көңіл-күймен қарсы алған. Осы күндері ағайын-туыстың басы қосылып, бұлақтың көзін ашу, ағаш отырғызу сияқты ізгі амалдар жасалған. Мұның бәрі – елдің ырысын арт­тырып, ынтымағын нығайтатын, ұр­пақ­ты татулық пен тазалыққа үндейтін игі істер.

Осындай тағылымы зор, өнегесі мол мерекеде әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін! Әз Наурыздағы ақжарма тілектер қабыл болсын! Жыл жақсылығымен келсін!

Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!», деп жазылған құттықтауда.

Бөлісу:
Жыл жақсылығымен келсін! · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар