Әлем
1 мин оқу 252

Эквадорда жер сілкінісінен 13 адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Эквадорда 6,7 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Анадолы агенттігінің хабарлауынша, зілзала эпицентрі Балао қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 6 шақырым қашықтықта орналасқан. Ошағы 65,7 шақырым тереңдікте болды.

Айта кетейік, кеше кешке Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі 5 мемлекетте сезілді, соның ішінде Қазақстанның 5 өңірінде тіркелді. Салдарынан Ауғанстанда 2 адам, Пәкістанда кем дегенде 9 адам көз жұмды.

Бөлісу: