Теннис
1 мин оқу 320

Елена Рыбакинаның Майами мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мастерс жарысының 10-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 64-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасады.

А.Калинская алғашқы айналымда рейтингте 171-сатыдағы Андорра өкілі Виктория Хименес-Касинцеваны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Майами додасы 2 сәуірге дейін созылады.

Бөлісу: