Бокс
1 мин оқу 561

Бокстан ӘЧ: Карина Ибрагимова жартылай финалға өтті

<p style="text-align: justify;">Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Карина Ибрагимова 2023 жылы Нью-Делиде (Үндістан) өтетін әлем чемпионатында үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

57 келіге дейінгі салмақта ширек финалдық кездесуде Ибрагимованың қарсыласы Венесуэла спортшысы Омайлин Алкала болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша 5:0 есебімен жеңіске жеткен қазақ боксшысы ең мықты болып шықты. Ол жартылай финалға дейін жетіп, кем дегенде қола жүлдеге кепілдік берді.

Еске салайық, 2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатында өткен жекпе-жектерінде Карина Ибрагимова екі рет мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді.

Нью-Делиде өтіп жатқан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалында қазақстандық Алуа Балқыбекова (48 келі) түрік Эриван Барутты жеңді.

Бөлісу:
Бокстан ӘЧ: Карина Ибрагимова жартылай финалға өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар