Спорт
1 мин оқу 170

Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Майами (АҚШ) мастерс турнирінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 50-ракеткасы, америкалық Джеффри-Джон Вулфпен шеберлік байқасты.

Америкалық теннисші 1 сағат 19 минутқа созылған матчта 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Бублик 9 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Вулф екінші айналымда әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен кездеседі.

Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған дода 2 сәуірде аяқталады. Өткен жылы мұнда әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас үздік шыққан еді.

А.Бублик жұптық сында жарыс жолын жалғастырады. Ол сербиялық Миомир Кецмановичпен бірге аргентиналықтар Педро Качин – Франсиско Черундоломен кортқа шығады.

Тағы бір қазақстандық Михаил Кукушкин Швейцарияның Биль қаласында өтіп жатқан челенджер жарысының екінші айналымында тартысты матчта словакиялық Норберт Гомбошқа жол берді – 6:7 (2:7), 6:4, 2:6.

Бөлісу:
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар