Спорт
1 мин оқу 280

Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты

<p style="text-align: justify;">Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында теннистен командалық әлем чемпионаты Азия &ndash; Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің жартылай финалистері анықталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Мәдина Рахымның шәкірттері ширек финалда іріктеу турнирінің екінші ракеткасы – Үндістан командасын ұтты.

Алдымен Ева Корышева қарсыласын 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңді. Содан кейін Еркежан Жаңатаева да қалыспады – 6:4, 6:7, 6:2.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 24 наурыз күні жартылай финалда Жапониямен ойнайды. Жапониялықтар ширек финалда Таиланд командасынан басым түсті.

Биыл Азия – Тынық мұхит аймағынан командалық әлем чемпионатының финалдық сатысына үш жолдама беріледі. Финалдық кезең жазда Чехияның Простеев қаласында өтеді.

Бөлісу:
Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар