Денсаулық
1 мин оқу 220
Елімізде бір тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды
<p style="text-align: justify;">Өткен бір тәулікте ел өңірлерінде 23 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.</p>

23 наурыздағы жағдай бойынша, қазір 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирустан (КВИ+) –1 625, пневмониядан (КВИ-) – 170) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр,
- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, 21 наурызда тәулік ішінде коронавирус 34 адамда, 20 наурызда 70 адамда тіркелген болатын.
Бөлісу: