Қазақстандағы скрининг. Енді нашақорлар қалай анықталады?
<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері есірткі қолданатын қазақстандықтарды скрининг тексеруден қалай өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Қазір бірнеше позиция бар. Ішкі істер министрлігі наркологиялық тестілеуге көбірек көңіл бөліп отырғанын түсінеміз. Белгілі бір санаттағы адамдар міндетті түрде наркологиялық тестілеуден өтуі керек», деді медицина ғылымдарының кандидаты, психиатр-нарколог дәрігер, Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ақпараттық-талдау мониторинг орталығының басшысы Гүлмира Сәдуақасова.
Оның айтуынша, бүгінде норматив құжат бар - бұл медициналық тексеруді реттейтін Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы.