Теннис
1 мин оқу 260

Қазақстанның үздік теннисшілері Майами додасын сәтті бастады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан теннисшілері АҚШ-тағы Майами мастерс турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина мен америкалық Эйжа Мухаммад испаниялық Паула Бадоса және тунистік Онс Жабермен кездесті.

1 сағаттан астам уақытқа созылған әсерлі матчта қазақстандық-америкалық жұп 6:4, 6:4 есебімен қарсыластарын ойсырата жеңді.

Қазақстанның жекелей сындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик сербиялық Миомир Кецмановичпен бірге Аргентина өкілдері Педро Качин мен Франсиско Черундолодамен кездесіп, 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Енді жерлестеріміздің екінші айналымдағы қарсыластары алдағы уақытта анықталады.

Айта кетсек, жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Майами турнирі 2 сәуірге дейін жалғасады.

Бөлісу:
Қазақстанның үздік теннисшілері Майами додасын сәтті бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар