Қоғам
1 мин оқу 295
ШҚО-да жоғалған ер адамның мәйіті табылды
<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында Наурыз мерекесі күні жоғалып кеткен ер адам өлі табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Еріктілердің Instagram-да жариялаған мәліметінше, 1982 жылғы Досжан Қасынғалиев 21 наурызда жоғалып кеткен. Сағат шамамен 15:00-де ер адам Шемонаиха ауданы Усть-Таловка ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған.
23 наурызда ер адамның мәйіті табылған. Еріктілер оқиғаның мән-жайын нақтылаған жоқ.
Бөлісу: