Білім
2 мин оқу 250

«Болашақ» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

<p style="text-align: justify;">&laquo;Халықаралық бағдарламалар орталығы&raquo; АҚ 3 сәуірде &laquo;Болашақ&raquo; бағдарламасына өтінім қабылдай бастайды,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

«Болашақ» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

№1. Кімдер жеңілдетілген шартпен қатыса алады?

Инженерлік-техникалық қызметкерлер және медицина мамандары магистр дәрежесін алу үшін конкурсқа жеңілдетілген шарттармен қатысады.

Олардың мерзімі 12 айға дейінгі тегін тілдік дайындықтан өтіп, стипендия тағайындалғаннан кейін тізімнен университетті таңдау мүмкіндігі бар.

№2. Қай мамандар тағылымдамадан өте алады?

«Болашақ» бағдарламасы аясында мамандардың мынадай санаттары тағылымдамадан өте алады:

  • Инженерлік-техникалық қызметкерлер;
  • Мемлекеттік қызметшілер;
  • Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері;
  • Медицина қызметкерлері;
  • Мәдениет, туризм және спорт қызметкерлері;
  • БАҚ қызметкерлері;
  • Агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлері.                          

    №3. Еңбекпен өтеу мерзімі қандай?

    • Академиялық оқыту: Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – 5 жыл, өңірлерде – 3 жыл.
    • Тағылымдама: Қазақстанның бүкіл өңірінде – 3 жыл. 

    №4. Стипендия мөлшері қандай?

    Стипендия мөлшері елге және қалаға байланысты әртүрлі болады.

    Стипендияның:

    • ең жоғары мөлшері – 2200 АҚШ доллары;
    • ең төменгісі – 800 АҚШ доллары.                             
Бөлісу:
«Болашақ» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар