Аймақтар
1 мин оқу 513

Теміртауда көпқабатты үйден баланың мәйіті табылды

<p style="text-align: justify;">Теміртаудағы көпқабатты үйлердің бірінен кішкентай баланың денесі табылды. Полицейлердің пайымдауынша, бала &nbsp;өліміне 24 жастағы жігіттің қатысы бар. Күдіктіге іздеу жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

23 наурызда Теміртаудағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден  баланың денесі табылды.

«Баланың анасымен бірге тұратын 24 жастағы жігіт кісі өлтірді деген күдікке ілінген. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат жарияланбайды», деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі.

Күдіктіге іздеу жарияланып, оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Теміртауда көпқабатты үйден баланың мәйіті табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар