Лионель Месси мансабындағы 800-інші голын соқты
<p style="text-align: justify;">Аргентина құрамасы және «ПСЖ» командасының шабуылшысы Лионель Месси өз мансабындағы 800-інші голын соқты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.championat.com/football/news-5043287-lionel-messi-zabil-800-j-gol-v-karere.html">championat.com</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
Аргентиналық шабуылшы кәсіпқой мансабындағы 800-ші голын соқты. Клубтық мансабында Месси 701, ұлттық құрама сапында 99 гол соға алды.
Еске салайық, бүгін, 24 наурызда Аргентина мен Панама құрамалары жолдастық кездесу өткізді. Кездесу қожайындары 2:0 есебімен жеңіске жетті. 89-минутта ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси командасының екінші голын соғып, таблодағы қорытынды есепті орнатты.
Лионель Месси 2005 жылдан бері Аргентина құрамасында ойнап, оның үздік бомбардирі атанды. Ол сондай-ақ 2022 жылы Қатарда өткен әлем біріншілігінде капитандық тізгінді ұстап, жеңімпаз атанып, сол біріншіліктің үздік ойыншысы болды.