Спорт
1 мин оқу 390
Қазақстандық мерген Әлем Кубогының қола жүлдегері атанды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық спортшы әлем кубогында оқ ату бойынша қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Александра Ле Үндістанның Бхопал қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден Әлем Кубогының кезеңінде 10 метрден пневматикалық винтовкамен оқ атудан жүлделі орыннан көрінді. Ол бұл сайыста 261.2 ұпай жинады.
Мадхья-Прадеш штатындағы бұл жарысқа әлемнің 31 елінен 208 таңдаулы спортшы жиналды. Бұл қатарда 18 қазақстандық бар. Әлем кубогының кезеңі 27 наурызда аяқталады.
Бөлісу: