Сайлау
1 мин оқу 290

Алматы облысы мәслихатының депутаттығына өткен партиялар

<p style="text-align: justify;">Алматы облыстық сайлау комиссиясы 19 наурызда өткен мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлаудың нәтижесін шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Комиссия мәліметінше, электорат тізіміне 966 304 тұрғын енгізілген. Соның ішінде дауыс беруге 579 734-і қатысты.

Сайлауға 6 саяси партия түсті. Оның ішінде 2 партияға ғана мандат берілді. Сайлаушылардың 5 және одан көп пайыз дауысын жинаған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттар төмендегідей бөлінді:

«Amanat» партиясы – 16;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 3;

Саяси партия үшін берілген дауыстар саны:

«Amanat» партиясы – 403 950 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 71,28%;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 78 726 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 13,89%;

«Respublica» партиясы – 10 038 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,77%;

Қазақстан Халық партиясы – 12 583 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 2,22%;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 9 662 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 1,70%;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 19 511 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 3,44%;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны – 32 270.

Бөлісу:
Алматы облысы мәслихатының депутаттығына өткен партиялар · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар