Аймақтар
1 мин оқу 312
Өскеменде КамАЗ тіркемесі жаяу жүргіншіні қағып кетті
<p style="text-align: justify;">34 жастағы жүргізуші Өскеменде КамАЗ жүк көлігін біріктірілген тіркемемен айдап келе жатып, ақау салдарынан жүк тіркемесі ажырап кеткен. Ол кейіннен жол жиегінде кетіп бара жатқан тұрғынды қағып кеткен, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Polisia.kz мәліметінше, оқиға 24 наурыз сағат 16:30 шамасында болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Семей қаласының 20 жастағы тұрғыны оқиға орнында қайтыс болды.
Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазір бірқатар сот сараптама тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.
Бөлісу: