Халық
2 мин оқу 404

Шақалақтар шапан киіп шықты

<p style="text-align: justify;">Ұлыстың ұлы күніне орай Аягөз ауданында дүниеге келген нәрестелер перзентханадан ұлттық киіммен шығарылды. Бұл игі дәстүрді аурухана басшылығы Наурыз мерекесіне орай жыл сайын ұйымдастырады.</p>

Шақалақтар шапан киіп шықты

Әдеттегідей әз Наурызға Ая­гөз аудандық ауруханасы ерекше дайындалады. Әр бө­лімде наурыз көже сапырылып, ақ дастарқан жайылады. Медицина қызметкерлері бір-біріне құтты болсын айтысып, ақжарма тілектерін арнайды. Күй күмбірлейді, ән шырқалады. Биыл бәрінен бұ­рын көпшіліктің назары ұлттық киім кигізіліп, перзентханадан шығарылған нәрестелерге ауды.

– Ауруханамыздың перзентаханасында қазақи ою-өр­нектермен, шаңырақпен бе­зен­дірілген босану бөлмесі ашыл­­ды. Төл мерекемізге жылда аса жауапкершілікпен, жоғары кө­ңіл күймен дайындаламыз. Ауру­хананың әр бөлімі Наурыз мерекесінде бар өнерін ор­таға салады. Соның ішінде көп­шіліктің көзіне түскен перзентхана бөлімі еді. Нәрестелерге ұлттық киім кигізіп, үйлеріне шығарып салып жатқаны көзге қандай жылы көрінеді?! Жыл басы әр отбасына осындай қуаныш сыйласын! – дейді аурухананың бас дәрігері Шалқар Омаров.

Айта кетсек, Ұлыстың ұлы күні қарсаңында перзентханадан ұлттық киіммен 11 бала шы­ғарылды. Олардың алтауы қыз, бесеуі ұл. Сонымен қатар айдың ба­сында туған егіздер де оюлы киім киіп, үй­леріне шығарылды. Оларға осы уақытқа дейін қажетті неонатологиялық көмектер көр­сетілді. Дәрігерлердің айтуынша, туған кезде егіздердің салмағы 1 200, 1 300 грамм ғана болған екен. Қазір барлығы қалыпты деседі.

Сондай-ақ Аягөз перзент­­ханасынан төртінші рет ана атанған Тарбағатай ауданы Ақ­жар ауылының тұр­ғы­ны Ақмарал Закария да нә­рес­те­сімен салтанатты түр­де шы­­­ғарылды. Оның ай­туын­ша, күтпеген тосын­сый жа­саған аурухана қызмет­кер­ле­рінің идеясы өте креа­тивті. «Перзентханадан шы­ғуға дайындалып жатқа­ны­мыз­да нәрестеге ұлттық киім сыйға тартты. Өте қуаныш­ты­мыз. Наурыз әр шаңы­рақ­­қа жақ­сылық әкелсін. Н­әрес­­теле­ріміздің ғұмыры ұзақ бол­сын!» дейді Ақмарал.

Иә, Аягөздің перзентхана­сындағы жылы көрініске көпшіліктің таңдай қаға қара­ғаны рас. Ұлыстың ұлы күні туған нәрестелер ұлт үшін ең­бек қылатын азамат болып өссін дейміз.

Абай облысы,

Аягөз ауданы 

Бөлісу:
Шақалақтар шапан киіп шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар