Спорт
1 мин оқу 220

Жолдамаға қол жетпеді

<p style="text-align: justify;">Футзалдан жастар арасындағы (U-19) Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирі ел құрамасы үшін сәтсіз ақталды.</p>

Жолдамаға қол жетпеді

«А» тобында өнер көрсеткен жерлес­теріміз бұған дейін Польшадан (2:3) ұты­лып, Молдовадан (5:2) басым түскен еді. Сло­венияға қарсы өткен соңғы ойында бізге де, қарсыластарымызға да жеңіс ауадай қажет еді. Сол себепті де көпшілік алдағы бәсеке аса шиеленісті өтеді деп топшылады. Алайда олай болмады. Біздің жігіттерге қарағанда еуропалықтар Кишеневтегі кездесуге өте жақсы даярлықпен келген екен. Аса маңызды матчта Словения құрамасы біздің қақпаға жауапсыз бес доп соқты. Атап айтсақ, Ален Руис хет-трик жасаса, Лавро Шкриниар дубльдің авторы атанды.

Осылайша, Пауло Рикардо Кака баптаған Қазақстанның жастар құрамасы келесі жылы өтетін Еуропа біріншілігіне қатысу мүм­кіндігінен айырылды.

Бөлісу:
Жолдамаға қол жетпеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар