Спорт
1 мин оқу 203

Қиыннан қиыстырды

<p style="text-align: justify;">Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 8 800 000 долларды құрайтын WTA 1000 турнирінің төртінші кезеңіне шықты.</p>

Қиыннан қиыстырды

Әлемдік рейтингте жетінші орынды иеленіп отырған еліміздің ең үздік теннисшісі бірінші айналымда бос болды. Екіншісінде WTA тізімінде 64 сатыға жайғасқан ресейлік Анна Калинскаяны 7:5, 4:6, 6:3 есебімен қапы қалдырды. Үшінші ке­зеңде Еленаның жолы Паула Бадосамен қиысты. Осыдан екі апта бұрын ғана Ин­диан-Уэллсте жерлесіміз кезінде әлемнің екінші ракеткасы атанып, бұл күндері үздіктер рей­тингінде 27 орында тұрған дәл осы испаниялықты ұтқан еді. Бұл жолы да дәл солай болды. Бірақ Рыбакина үшін бұл өте қиын кездесу болды. Бірінші сетте Бадоса 6:3 есебімен жеңіске жетті. Екіншісінде де қарсыласы алда келе жатқан еді. Алайда қиыннан қиыстырған Елена бұл сетті 7:5 есебімен өз пайдасына шешті. Ше­­шуші тұста да ширақ қимылдаған ол ақы­­рында көздеген мақсатына қол жеткізді – 6:3.

Үшінші айналымда Елена Рыбакина әлемнің 39 ракеткасы Элизе Мертенспен кездеседі.

Бөлісу:
Қиыннан қиыстырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар