Футбол
1 мин оқу 810

Керемет камбэк: Қазақстан құрамасы Данияны жеңді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<strong>&nbsp;</strong><a href="https://prosports.kz/kz" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Prosports.kz</a>&nbsp;сайтына сілтеме жасап.</p>

Үш күн бұрын Астанада Словенияға есе жіберген Қазақстан құрамасы бүгін Даниямен кездесті. Магомед Адиев шәкірттері бүгін керемет камбэк жасап, жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасы бірінші таймның өзінде екі гол өткізіп алған, бірақ екінші таймда қатарынан үш гол соғып, айды аспанға шығарды. Ойын 3:2 есебімен аяқталды.

Гол соққандар: Хойлунн 21 (0:1), Хойлунн 36 (0:2), Зайнутдинов 73 (1:2), Тағыберген 86 (2:2), Айымбетов 89 (3:2).

Бөлісу:
Керемет камбэк: Қазақстан құрамасы Данияны жеңді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар