Оқиға
1 мин оқу 323
Алматы-Өскемен тас жолында үш адам қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">27 наурызда Ақсу ауданында Toyota Camry және Kia Rio көліктері жол апатына ұшырады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Корей шетелдік көлігін 40 жастағы әйел, ал Toyota Camry көлігін 39 жастағы ер адам басқарған.
Жеңіл көліктер Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында соқтығысқан, жүргізушілердің бірі рульді басқара алмай, көлік қарсы жолаққа шығып кеткен.
ЖКО-да үш адам қаза тапты, тағы екі адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. Жол апатына кінәлі адам тергеу барысында анықталады. Оқиға орнында патрульдік полиция қызметкерлері мен тергеушілер жұмысын жалғастырып жатыр.
Бөлісу: