Қоғам
1 мин оқу 220

Алматыда 6 миллиард теңгеге бағаланған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

<p style="text-align: justify;">Әскери прокурорлар Алматыда құны 6 миллиард теңге болатын жер телімін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/gvp/press/news/details/527271?lang=kk" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме </a>жасап.</p>

Алматыда 6 миллиард теңгеге бағаланған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

2014 жылы Алматы қаласының Медеу ауданындағы нарықтық құны 6 миллиард теңгеден астам, жалпы ауданы 3,8484 гектар жер учаскесі «Достық строй» құрылыс компаниясы ЖШС-нің меншігіне өткен.

«Алайда бұл учаске 7 жылдан аса уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмағанын ескере отырып, әскери прокуратура органдары оны мәжбүрлеп алып қою туралы талап арызбен жүгінген. 2022 жылдың 24 қарашасында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі бойынша, әскери прокуратураның талап-арызы қанағаттандырылып, заңды күшіне енген», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алматыда 6 миллиард теңгеге бағаланған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар