Банк
1 мин оқу 271

Банктің бизнеске бөлгені – 100 млрд теңге

<p style="text-align: justify;">Өңдеу өнеркәсібіндегі экспортқа бағдарланған жобаларды қолдау үшін Қазақстан Даму банкі 100 млрд теңге бөлмек. Қаражат орта және жоғарғы шекті тауарлардың экспортын, яғни қосылған құны жоғары өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін қолдауға арналған.</p>

Банктің бизнеске бөлгені – 100 млрд теңге

Қарыздың ең төменгі сомасы 1 млрд теңгені құрайды, ол айналым капиталын толықтыруға, яғни шикізат пен материалдарды сатып алуға, сондай-ақ экспортталатын өнімді өндіруге байланысты ағымдағы шығыстарды төлеуге бағытталуы мүмкін. Қарыз мер­зімі – қаржыландыруды ұзарту не­месе бағдарламаларға қайта қатысу мүмкіндігімен 1 жылдан 3 жылға дейін.

«Шетелдік өткізу нарық­та­рында жұмыс істеуді жос­пар­лап отырған немесе осы жұ­мыс­ты жаңадан бастаған орта кәсіпорындарға баса назар аударылады. Біз бизнеске қолжетімді қаражат беретін боламыз, бұл ретте бағдарламаларға қатысушыларға қызметкерлердің жалақысын өсіру, экспорттық түсім көлемі және қазақстандық қамту үлесі сияқты қарсы міндет­те­мелер ұсынылатын болады. Осылайша, біз өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын ғана емес, сонымен қатар ілеспе та­уарлар мен қызметтердің отандық жеткізу­ші­лерін, яғни шағын және орта биз­несті де қолдай аламыз», деп түсіндірді ҚДБ Басқарма төра­ғасы Нұрлан Байбазаров.

Кәсіпорындарды қолдау бағ­дар­ламалары ұзақмерзімді және өңдеуші өнеркәсіптің экспортталатын өнімінің көлемін өсіруге, саладағы жұмыс орындарын сақтауға және ұлғайтуға, мем­лекеттік бюджетке салық түсім­дерін арттыруға мүмкіндік береді.

Даму банкі бағдарламаларға қа­тысуға өтінімді www.kdb.kz ресми сайты немесе клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның сайтта көрсетілген байланыс те­ле­фондары арқылы беруге бо­ла­тындығын хабарлайды.

Бөлісу:
Банктің бизнеске бөлгені – 100 млрд теңге · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар