Спорт
1 мин оқу 192

Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалына өтті

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, дүниежүзінің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Miami Open турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалына өтті

Елена Рыбакина дүниежүзінің 24-ракеткасы, италиялық теннисші Мартина Тревизанмен ойнады. Матч 1 сағат 9 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші екі сетте 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл - Елена Рыбакинаның қатарынан 12-жеңісі. Енді ол турнирдің жартылай финалында Джессика Пегула (АҚШ) мен Анастасия Потапова (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Miami Open турнирінің 1/8 финалында дүниежүзінің 39-ракеткасы, бельгиялық теннисші Элизе Мертенсті жеңген еді.

Бөлісу:
Елена Рыбакина Miami Open турнирінің жартылай финалына өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар