Ауа райы
1 мин оқу 202

29 наурызда ауа райы қандай болады?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК синоптиктері 29 наурызда Астанада, Шымкентте және бірнеше өңірде тұман және найзағай болатынын болжады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

29 наурызда ауа райы қандай болады?

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында түнде және таңертең тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күші - 15-20 м/с.

Шымкентте де 29 наурызда күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.


 
Бөлісу:
29 наурызда ауа райы қандай болады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар