Тағайындау
1 мин оқу 480

Депутаттар жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс төрағасын сайлады

<p style="text-align: justify;">Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Парламент Мәжілісінің төрағасы қызметіне Ерлан Жақанұлы Қошановты бірауыздан сайлады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мен «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасын ұсынамын. Ерлан Жақанұлы өңірлерде жұмыс істеп, өзін кәсіби мемлекеттік қызметкер ретінде көрсетті. Ол бірінші шақырылымдағы Сенат депутаты, Қарағанды ​​облысының әкімі, Президент Әкімшілігінің басшысы, сонымен қатар VII Мәжіліс төрағасы, «АМАNАТ» партиясының төрағасы болды», деді Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Отырыс барысында бір ғана кандидат ұсынылды.

Сондай-ақ депутаттар Ерлан Қошановтың кандидатурасына жасырын дауыс беруге арналған бюллетень беру туралы қаулы қабылдады.

Бөлісу:
Депутаттар жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс төрағасын сайлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар