Асхат Аймағамбетов Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетін басқарады
<p style="text-align: justify;">Бұрынғы Оқу-ағарту министрі бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Депутаттар көпшілік дауыспен Асхат Аймағамбетовтың кандидатурасын қолдады.
Асхат Қанатұлы Аймағамбетов 1982 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Соңғы төрт жылда ол Үкіметте жұмыс істеді: 2019-2022 жылдары Білім және ғылым министрі, 2022 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Оқу-ағарту министрі болды. VIII шақырылымдағы Мәжілісте Аймағамбетов «Аманат» партиясынан депутат болып сайланды.
Айта кетейік, сессия басталар алдында журналистер Аймағамбетовтен депутаттың пәтері мен депутаттың жалақысы туралы сұраған еді.