Қоғам
1 мин оқу 525
Мектепте тәртіпсіздік жасаған оқушының ата-анасы жауапқа тартылады
<p style="text-align: justify;">Полиция бөлімшесіне оқушының бұзақылығы туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

29 наурызда Алматы қаласы ПД-нің ЖБО-на Алмалы ауданында орналасқан №96 жалпыға білім беретін мектептің 9-шы сынып оқушысы қоңырау уақытында дәретханада баллоннан бұрыш шашқаны анықталды. Оқушы әрекетінің салдарынан басқа оқушылар зардап шеккен.
Салдарынан 7 оқушы ауруханаға жеткізілді.
Алмалы аудандық ПБ-на қарасты ПБ оқушының ата-анасына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 127-бабына сәйкес шара қолданатын болады. Сонымен қатар материал кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.
Бөлісу: