Тағайындау
1 мин оқу 430

Мәжілістегі AMANAT фракциясының жетекшісі сайланды

<p style="text-align: justify;">Елнұр Бейсенбаев Мәжілістегі &laquo;Amanat&raquo; партиясы фракциясының жетекшісі болып сайланды. Жиын барысында оның кандидатурасын партия төрағасы Ерлан Қошанов ұсынған, ал депутаттар қолдау білдірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елнұр Бейсенбаев әр жылдары Алматы қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, Nur Otan партиясы жанындағы Jas Otan жастар қанатының төрағасы лауазымдарын атқарды. Ол сондай-ақ Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты болды.

Биылғы 4 қаңтардан бастап «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы қызметін атқарып келеді.

Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындысына сәйкес, «AMANAT» партиясы сайлаушылардың 53,9% дауысын жинады. Бұл 40 депутаттық мандатқа сәйкес келеді. Парламенттің төменгі палатасындағы Amanat партиясы фракциясының жаңа құрамындағы әйелдер, 35 жасқа дейінгі жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үлесі 32%-ды құрайды.

Бөлісу:
Мәжілістегі AMANAT фракциясының жетекшісі сайланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар