Қоғам
1 мин оқу 410
Елімізде 450 мыңнан астам адам жұмыссыз жүр
<p style="text-align: justify;">Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, елімізде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады. Есептеулер Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша жүргізілді. Бүгінде жұмыссыздар саны 458,3 мың адамды құрайды. Олардың 6,5 пайызы - жастар, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2022 жылы Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9 миллион адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде:
- 6,9 млн адам - жұмысшылар;
- 2,1 миллионы - өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.
Бұған дейін мамандар 2030 жылға дейін сұранысқа ие болатын мамандықтарды атаған болатын. Олардың пікірінше, қазіргі уақытта Қазақстанда жұмысшылардың басым бөлігі төмен және орташа біліктілік талап етілетін салаларда қызмет атқарады.
Бөлісу: