Аймақтар
1 мин оқу 340

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары көз жұмды

<div class="description" style="text-align: justify;">Ақтөбе облысындағы тас жолда ресейлік ерлі-зайыптылар болған Datsun автокөлігі КамАз жүк көлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div>

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 29 наурызда Ақтөбе-Астрахань тас жолында Қарауылкелді ауылының маңында КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі екінші жолдан бас жолға шығып, Datsun автокөлігімен соқтығысқан.

«Салдарынан Datsun көлігінің 48 жастағы жүргізушісі және жанындағы жолаушы - оның 49 жастағы әйелі, Ресей Федерациясының азаматтары оқиға орнында қайтыс болды», делінген хабарламада.

ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны нақтыланды.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар