Аймақтар
1 мин оқу 200

Көкшетаудағы фестиваль

<p style="text-align: justify;">Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жыл&shy;дығына және халықаралық театр күніне орайластырылған &laquo;Сәлем&raquo; халықаралық комедиялық театр фестивалі шымылдығын айқара ашты. Фестивальге 9 аталым бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан театрлары қатысып жатыр.</p>

Көкшетаудағы фестиваль

Фестивальдің ресми ашылуы­на орай баспасөз мәслихаты ұйым­дас­тырылды. Онда аталған шараның мақсат-мұраты толайы­м қамтылды. Халықаралық театр күні мерекесімен тұспа-тұс келген өнер шеруін осы сала­ның нағыз май­талмандары нұр­ландырмақ. Сөз арасында қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов туралы да бір ауыз сөз айта кетсек артық болмас. Мәселен, Темірбек Жүр­геновтің бі­лім саласына қосқан қисапсыз ең­бегін біреу білсе, біреу білмейді. Ал­­матының өзінде ғана 18 білім оша­ғын ашқан. Нағыз халық жанашыры. Еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орындарының көпшілігі ел қа­мын жеген Темірбек Жүргеновтің арқасында ұйымдастырылған. Өз­гесін былай қойғанда, С.Асфен­дияров атындағы Қазақ ұлттық ме­­дицина университетінің, Әл-Фа­ра­би атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінің, Алма­тыдағы опера және балет театрының негізін қалау­шы­лардың бірі. Бұл жайында белгілі театртанушы Меруерт Жақ­сылықова кеңінен толғап айтып бер­ді.

Театр фестивалінің шымылдығы Астана қаласының жастар театры сахналаған «Пранк-Махаббат» комедиясымен ашылды. Театр өнерін жақсы көретін көкшетаулық көрермен тамаша қойылымдарды көріп, тәнті болуда.

КӨКШЕТАУ

Бөлісу:
Көкшетаудағы фестиваль · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар