Бизнес
1 мин оқу 270

Кәсіпкерлікке серпін береді

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында ел дамуына үлес қосатын кәсіпкерлердің &laquo;жаңа толқынын&raquo; қалыптастыру қажет екенін айтты. Оның бел ортасында таланты мен талабын ұштастыру арқылы табысқа жеткен бизнесмендер болуға тиіс.</p>

Кәсіпкерлікке серпін береді

Бұған дейін де кәсіпкерлікті қол­дау­дың түрлі іс-шарасы жүзеге асырылып келді. Енді саланың бәсекеге қа­­бі­­леттілігін арттыруға баса мән бе­­­рілмек. Кешегі сөзінде Мемлекет бас­­­­шысы осындай өзгерістер ар­қы­­лы эко­но­микалық саясатқа өз­геріс енгі­зіп, нақты мәселелермен айна­лы­­са­тын кез жеткендігін ашып айт­­­ты.

Кәсіпкерлерге ортақ мекеніміз Қа­зақ­станның болашағын бірге құ­руға үндеген Мемлекет басшысы бұл жолда іскерлерге мемлекет та­ра­пы­нан қолдау көрсетілетініне кепіл болып отыр. Енді бюджеттен қар­жы­лан­дырылатын ауқымды жобаларды ең алдымен отандық кә­сіп­кер­лер жүзеге асыруға тиіс. Мұн­дай қолдау кәсіпкерлерді қанат­тан­дыра түседі.

Биылдың өзінде Қызылорда облысында 250-ден астам жас пен 600-ден астам ауыл азаматы 2,5 пайызбен несие алады деп жос­парланып отыр. Ол үшін өңірге республикалық бюджеттен 4,3 млрд теңге бөлінді. Бұл ауыл тіршілігін жандандырып, салаға тың серпін береді.

Қай саладағы бастама да бір­ден жүзеге асып кете қоймасы бел­гі­лі. Осы орайда кәсіпкерлер де Мем­лекет басшысының шағын және орта биз­несті экономика мен еңбек на­ры­ғының қозғаушы күшіне айналдыру бастамасына үлес қосады деп сенеміз.

Пірмұхаммед СЫЗДЫҚОВ,

Қызылорда облысы

Кәсіпкерлер палатасының

директоры

Бөлісу: